Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

БҰҰ: тәліптер бұрынғы ауған үкіметінің жүзден астам өкілін өлтірді

KAZAKBOL.COM

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш «Талибан» содырлары елден шетел әскері шығарылғаннан кейін Ауғанстанның бұрынғы үкіметінің жүзден астам өкілін өлтірді деп хабарлады.

БҰҰ бас хатшысының баяндамасын жариялаған Reuters агенттігі таратқан мәліметке қарағанда, тәліптердің құрбандары бұрынғы шенеуніктер, күш құрылымының бұрынғы өкілдері, НАТО күштерімен жұмыс істеген қарапайым ауғандықтар болған. Сонымен бірге «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының мүшелері де тәліптер тарапынан өлтірілген.

«Бұрынғы үкімет мүшелерінің өкілдеріне рақымшылық жариялағанына қарамастан, халықаралық қарулы күштер құрылымында жұмыс істеген адамдар күшпен ұрлап әкетіліп, өлтірілген», — делінген құжатта.

БҰҰ 2021 жылдың 15 тамызынан бері адам өлімі жайында жүзден астам ақпарат алған. Олардың үштен екісі сотсыз өлім жазасына кесілген. 50-ден астамы ИМ мүшесі деген күдікпен өлтірілген.

Антониу Гутерриш тәліптер билікке келгелі Ауғанстанда гуманитарлық дағдарыс орын алғанын атап өтіп, халықаралық қауымдастықты ауған халқына көмектесуге шақырды.

Екі апта бұрын Гутерриш Ауғанстанда қайғылы жағдай күрделеніп бара жатқанын айтып, 2022 жылға Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету үшін кемінде бес млрд доллар қажет деген.

Ол бүгінде халық қалған балаларын асырау үшін бөбектерін сатып жатқанын, үйін жылытатын отын таппай отырғанын мәлімдеген.

Былтыр 15 тамызда «Талибан» қозғалысы Ауғанстан астанасын басып алды. Ел президенті Ашраф Ғани Біріккен Араб Әмірлігіне қашып кетті. «Талибан» билігін бірде бір мемлекет мойындамады.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM