Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

CPJ: Нұр-Сұлтан журналистерді аккредиттеу ережесін қайта қарауы тиіс

KAZAKBOL.COM

Жаңа ережелер сөз бостандығын шектемеуі үшін Қазақстан басшылығы тілшілерді акккредиттеу туралы заңға енгізілген түзетулерді қайта қарауы керек.

«Журналистерді қорғау комитеті» (Committee to Protect Journalists, CPJ) деп аталатын халықаралық баспасөзді қорғау ұйымы 23 наурызда осындай мәлімдеме жасады.

«Ережелер журналистердің билікке ыңғайсыз сұрақ қоюына кедергі жасауы мүмкін, бұл еркін баспасөз ұғымының түп мәніне қайшы келеді» деді CPJ-дің Еуропа және Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Гульноза Саид.

«Журналистерді қорғау комитеті» өкілдері Қазақстандағы баспасөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» ұйымының жетекшісі Тамара Қалеевамен тілдескен соң жаңа заңның біраз бабына қатысты алаңдаушылық білдірді.

Олардың айтуынша, бұл баптар цензураға жол беруі ықтимал. Жаңа ереже журналистерді аккредиттеуді қиындатып жіберген, онда тілші шараны (мемлекеттік мекеме ұйымдастыратын брифингті, баспасөз мәслихатын, кездесуді) жүргізетін адамның талаптарына бағынуы тиіс деген ереже бар.

Қалееваның айтуынша, ережеде «жүргізушінің» қалай таңдалатыны туралы ештеңе айтылмаған. Оның болжауынша, шараны өткізетін мемлекеттік орган «жүргізушіні» өзі тағайындайды, ал ол цензордың функциясын атқарады. «Жаңа ережеде қабылдаушы жақтың міндеттері мен құқықтарын белгілеген, бұлардың барлығы журналистердің құқығын шектеп, цензура енгізеді» дейді Қалеева.

CPJ-ге телефон арқылы берген сұхбатында Азаттық радиосының тілшісі Сәния Тойкен жаңа ереже «мемлекеттік қызметкерлерді ыңғайсыз сұрақтан қорғайды» деген пікір айтқан.

Журналистерді аккредиттеу ережелеріне өзгерістер 27 наурызда күшіне енбек.

Бұдан бұрын Қазақстанның ақпарат министрлігі журналистер мен баспасөз еркіндігін қорғау ұйымдарының сынына қарсы уәж айтып, жаңа ереже «заманауи тенденцияларға сай келеді әрі аккредиттеуші ұйымдар мен аккредиттелетін журналистер арасында өзара ыңғайлы түсіністік қалыптастыруға бағытталған» деген.

Көпшіліктің сынына қарамастан, жаңа ереже 18 наурызда қабылданған.

CPJ Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сауалдар жібергенін, бірақ оған әлі жауап болмағанын хабарлады.

Баспасөз бостандығын қорғайтын «Шекарасыз репортерлар» халықаралық ұйымы (Reporters sans frontières, RSF) Қазақстанды «сөз бостандығы ахуалы қиын ел» санатына қосқан. RSF жасаған «Сөз бостандығының әлемдік рейтингінде» Қазақстан 180 елдің арасында 157-орында тұр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM