Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ДӘРЕТХАНАҒА БАРУ ДА ҚОРҚЫНЫШТЫ

KAZAKBOL.COM

Осы аптада Шығыс Қазақстан облысы, Новая Шульба елді мекенінің тұрғынына сот үкімі шықты. Мектепте күзетші болып жұмыс істейтін азамат осыдан алты жыл бұрын 11 жасар қызды зорлап, тұншықтырып өлтірген болатын. Ол енді 23 жылын түрмеде өткізеді. Оқушыларға қорған болуы тиіс күзетші айуандыққа барып жатса басқасына не жорық?
2300 ден астам әжетхана мектеп аумағынан тыс, далада орналасқан. Оның санитарлық талаптарға сайлығы бөлек әңгіме. Дәл қазір жұрттың жанына батып отырғаны ондағы қауіпсіздік. Тараздағы туалетте бүлдіршін зорланғалы осы аптада білім шенеуніктерінде маза жоқ. Кезекті трагедиядан соң кезекті шара қабылданбақ. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Елімізде далада орналасқан мынадай дәретханалардың санында шек жоқ. Тек айтпағым ол емес, дәл осы туалеттер бүгінде нағыз қылмыс орнына айналған. Себебі, мұнда Сіз шақалақтың өлі денесін табасыз. Тіпті, мұнда зорлық-зомбылық фактілер тіркеледі. Одан қалды бұл жерде егілген инелердің қалдықтары табылады, яғни бұл нағыз нашақорлардың мекеніне айналған десек те болады».
«КАК закрыть?»
Бұл Тараз қаласындағы № 6 мектептің ата-аналарының жанайқайы. Апта басында дәл осы мектептің сыртында орналасқан әжетханасында 7 сынып оқушысын белгісіз бір азамат арап иғылын іске асырып, оны зорлап кеткен.
«Вы обязаны следить за безопасностью наших детей!Там нету не охраны не камеры и ничего!»
Азғын мектепте орналасқан 20 бейнебақылау камерасына түсіп қалғанымен, оның кім екенін сұрап білген жан жоқ, дейді наразы топ. Тіпті, ол бір сағат бойы мектептің маңын аралап өз құрбанын іздегенге ұқсайды.
Жамбыл облысын дүр сілкіндірген жантүршігерлік оқиға қоғамда резонанс тудырғаны белгілі. Ата-аналардың сөзінше, мектеп ішінде дәретхана бар. Тек ол әрдайым жабық тұрады. Ал әбден қуықтары қысқан оқушылар, сырттағы туалетке сұранып шығады. Дәл сол күні 12 жасар оқушы география пәні мұғалімен рұқсат сұрап шыққан екен.
«Сіз білесіз бе ? Менің балам 3 сағат бойы қысылып, әрең дәретхана сұранып шыққан. Оларғаа іштегі таза әжетханаға баруға рұқсат жоқ. Бұл не деген сұмдық?».
«Мы сдаем на поп.совет…в школу директору…толку нету!!!»
Осылайша, жаға ұстатарлық жәйттен кейін білім ошағаның қызметкерлері шетінен қызметінен босады. Атап айтқанда мектеп директоры, вахтер, бірқатар мұғалімдер, облыстық білім басқарама басшысы да өз еркімен жұмыстап кетті. Сондай-ақ, учаскелік инспектор ішкі істер органдарынан шығарлыса, өзге бірқатар шенділер қатаң сөгіс алды. Тіпті, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімін сынға алып, қала басшысын жұмысынан босатуға пәрмен берді.

ҚАСЫМ-ЖОМАР ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ: «Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым»

ИРИНА УНЖАКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
«Бізде міндетті түрде бір трагедия болған жағдайда ғана мәселе орнынан қозғалады. Сондықтан да үкіметтен біз ең бірінші барлық мектептердің ішіне толыққанды туалетпен жабдықтауды сұраймыз. Өйткені қазіргі таңда 2300 мектепте оқитын оқушыларға қауіп төніп тұр деген сөз».
«Елімізде дәретханасы далада орнатылған 2 352 мектеп бар. Мұндай білім ордаларының 60 пайызы Түркістан облысында, 54,6 пайызы Алматы облысында, 44 пайызы Батыс Қазақстан облысында және 43 пайызы Қызылорда мен Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан».
Қайғылы жәйттен кейін, енді Тараз қаласындағы барлық мектептерінде бейнебақылау камерасы орнатылатын болады. Десе де осы жағдайдан әбден жүректері шайылып қалған ата-аналар енді балаларын мектепке жіберуден қорқып отыр.
«Выделены средства… я вам обещаю до конца по городу Тараз где 13000 видеонаб поставим!»

АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:
«Әке-шешелері неге жалоба жасаған жоқ?Неге оны олар жазған жоқ?Неге айтпады?0012 Мектепте туалет болған, неге оны жауып қойған?Оның бәрін жазу керек еді ғой».
Осы ретте білім министрі түйтікілді мәселе ұзақ жылдардан бері шешілмей келе жатқанын айтады. Сондықтан, мұндай оқиға тағы қайталанбас үшін ішкі істер министрлігімен бірлесіп барлық білім ұйымдарында бейнебақылау жүйелермен қамтамасыз етіп, мектептердің аумағын қоршау жұмыстары да қолға алынбақ.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM