Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дүйсенбі күні COVID-19 коронавирусының қазіргі жағдайы жайында мәлімдеме жасады. ДДСҰ пандемияны толық аяқталды деп мәлімдеуден бас тартып, халықаралық деңгейде төтенше жағдай сақталатынын мәлімдеді.
Бұл жыйын COVID-19 пандемиясының басталғанының үш жылдығына арналып өткізілді – ұйым коронавирусты 2020 жылы 30 қаңтарда ғаламдық қауіп деп жариялаған.
Отырыста пандемия аяқталды деп жариялау керек пе жоқ па деген мәселе талқыланды. Комитет мүшелері COVID-19-ға қарсы күрестің тиімді жетістіктерін атап өтіп, бірақ пандемияның аяқталғаны жөнінде айту әлі ерте деген шешімге келді. Бұған таяуда Қытайдағы карантин шектеулері алынғаннан кейін коронавирус жұқтырғандар саны бірден өсіп кеткені себеп болған.
COVID-19 вирусымен ауырғандар туралы алғашқы хабар 2019 жылдың желтоқсан айында Қытайда пайда болған. Көп өтпей вирус өте жылдамдықпен әлемнің басқа елдеріне жайылды. Үш жылдың ішінде коронавирус 670 миллион адамға жұғып, олардың 6,8 миллионы көз жұмған. Соңғы мәлімет бойынша әлемде COVID-19-ға қарсы 5 млрд адам вакцина алған.
KAZAKBOL.COM