Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

ДДСҰ кедей елдерге вакцина жеткізу үшін әлем алпауыттарын үшінші екпеден бас тартуға шақырды

KAZAKBOL.COM

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус кедей елдердің тұрғындарына вакцина жеткізу үшін бай елдерді үшінші екпеден уақытша бас тарта тұруға шақырды.

Бұл туралы Reuters хабарлады. ДССҰ басшылығы «Үлкен жиырмалық» елдері мен фармацевтика алпауыттарын кедей елдерге вакцина жеткізуге көмектесуін сұрады.

Вашингтон ұйымға жауап беріп үлгерді: америка билігі үшінші дозадан бас тартпайды, десе де дамушы елдерге көмек жоспарын орындауға дайын. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки мәлімдеді.

Израиль, Германия, Франция, АҚШ, Ұлыбриятания және тағы бірнеше ел COVID-19-ға қарсы вакцинаның үшінші дозасын егуді көздеп отыр, дегенмен түпкілікті шешімді аталған елдердің үкіметтері әлі қабылдаған жоқ.

Сейсенбі күні Ақ үй вакцинаның 110 миллион дозасын шетелге шығарғанын мәлімдеді. АҚШ тамыздың аяғынан бастап тағы жарты миллиард дозаны дамушы елдерге жеткізбек.

Бұның алдында АҚШ және еуропалық елдер Ресей мен Қытайдың вакцина саясатын сынаған. Мәлім болғандай, Мәскеу әлем елдерімен жасаған келісімдердің шарттарын орындап үлгермеген. Соған байланысты бірнеше мемлекет Ресеймен келісімді бұзатынын мәлімдеді.

Ресей билігі вакцина жеткізу жауапкершілігін орындауға уәде берді, дегенмен әуелі өз халқын екпемен қамтамасыз ету маңызды екенін алға тартты. Ресейде бірнеше аптадан бері тәулік сайын шамамен 800 адам коронавирустан қайтыс болып жатыр.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM