«Бішкек жылу электр орталығын модернизациялау құны 2-3 есе артық көрсетілген. Энергетика саласындағы мафияның үш мүшесі «крышасымен» бірге шамамен 100 млн доллар «жеген», — деп мәлімдеді Жогорку Кенеш депутаты, «Ата Мекен» фракциясының мүшесі Алмамбет Шыкмаматов.
Парламент депутаттарын ЖЭС модернизациясына неге 386 млн доллар сұрағаны қызықтырған.
«386 миллион алған екен, есебін де соған шағып беру қажет болған. Сол себепті қысқаштардың бағасы удай болып шыққан, әкімшілік шығындар — 19 млн доллар, құрал-саймандарды жеткізуге — 9 млн, кеңесші қызметі – 6 миллион доллар болған», — деп мәлімдеді Шыкмаматов.
16 мамырда парламент Бішкектегі ЖЭС апатының себептерін зерттеу жөнінде депутаттық комиссия қорытындысын талқылауды жалғастырды. Алғашты отырыс 10 мамырда өткен еді.
2017 жылы қытайлық ТВЕА компаниясы Бішкек ЖЭС-ін 386 млн долларға модернизациялау жұмысын аяқтады, қаражатты Қытайдың Эксимбанкі несие түрінде бөлген.
2018 жылы 26 қаңтарда ЖЭС-те апат болып, астаналықтар бір апта жылусыз қалды. Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады, энергия секторының бірнеше басшысы ұсталды. Парламент апат себептері мен модернизацияға бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеру жөнінде депутаттық комиссия құрды.
KAZAKBOL.COM