Бибігүл Төлегенова. Коллаж NUR.KZ
«Әлеуметтік желі –«сын айттым деп, жөнсіз мін тағушыларға» арналған орын ба дейсің кейде. Хош делік. Кешелі бері желіде Димаш інімізді елдің айтулы әншісі, қазақтың маңдайына біткен бұлбұлы, талай таланттың бас ұстазына айналған Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың орыс тілінде айтқан тілегін «қаралап» жібергендерге пікірімді айтпасам менің де адамдығыма сын болар.
Тәуелсіз елдің «еңбектеген баласынан, еңкейген кәрісіне» дейін таланттың өнеріне тәнті.
«Мысалы, өз елінде шетел тілінде сөйлеп отырған әнші апайымыздың Мәскеуде қазақ тілінде сөйлеу деген ой өңі түгілі үш ұйықтаса да, тіпті үш жүз ұйықтаса да, түсіне де кірмеген және кірмей кететін жан шошынарлық іс!» деп оқыған жанның өзі шошынатындай етіп жазыпты білгіштер. Неге? Саналы , сауатты түрде түсіндіре аласыздар ма? Тілдің мәйегін кетіріп, ұлттың арасына өртті салып, өнерге күйе жаққандырыңыз үшін Ұят екен!
Жазғыштар-ау мен түгілі, Сіз де өмірді танымай жатқанда «Қазақ» жұртын алғашқылардың бірі болып, елуінші жылдары Мәскеудің төрінде халық әндері мен халық композиторларының өлмес туындылары «Гауһар тас», «Жиырма бес» т.б. орындап, тілдің кеңдігін танытқан бұлбұл емес пе?
Сол тасада тұрып тас атқандарға : «Ал Сіз не жасадыңыз? Еліңізді, тіліңізді Әлемге таныту үшін, тіліміздің тұғырлы, ғұмырлы болуы үшін қандай әрекет еттіңіз?» деген сұрақтың да орайы келіп тұр осындайда.
«Алла кез-келген адамды талантты етіп жаратпайды. Талант деген қасиетпен сүйген құлын жарылқайды» деген тәмсілге сүйенсек, шын талантты танымай тас атқандар Өздеріңнің Талантсыздықтарын көрсеткендей.
Расында жеті жасынан еңбек етіп, қазақты бір ғасырға жуық әлемге танытқан Өнер майталманын жерден алып, жерге салу, «құлға» теңеу «Азамат» деген аттарыңызға сын! Дәу де болса жасап отырған тірліктеріңіз «атың шықпаса-жер өртенің» кебі.
«Теngrі» журналының екінші нөміріне басылған мақалада «ЮНЕСКО шешімімен Бибігүл Төлегенова есімі XX ғасырдың ең танымал жиырма әйелінің тізіміне енгізілді. Ол дүние жүзіндегі 50 жастан кейін колоратуралық сопрано дауысымен ән айтатын әйелдің бірегейі» деген сөздер бар екен. Осыдан артық пікірдің қажеті де жоқ.
Елінің жанашыры, ұлтының қамқоршысы болып жүрген Бибігүл Ахметқызына Алла Тағала зор денсаулық бергей! Ел аман, жұрт тыныш болсын, Ағайын!Бір біріміздің батырлығымызды көре білсек, Алаштығымыз сол болар!», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
KAZAKBOL.COMБибигуль Тулегенова записала видеообращение Димашу Кудайбергену