Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ділназ Ахмадиева: Әйелдердің көлік жүргізгені мүлде дұрыс емес

KAZAKBOL.COM

Бүкіләлемдік жол апаты құрбандарын еске алу күніне орай өткен жиында Ділназ Ахмадиева сөз сөйлеп, әйелдердің көлі тізгіндеуде әлсіз екенін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әншінің сөзіне сүйенсек, ол кез келген әйел заты көлік тізгінінде отырып, қорқынышпен және алаңғасарлықпен жан-жағындағыларға қауіп төндіруі мүмкін. Оның темір тұлпар айдайтын құрбылары да нәзік жанды екенін пайдаланып, ер азаматтардан жол сұрап жүруді әдетке айналдырған.

Алайда мұндайды мүлдем құптамайтын әнші көлік тізгінінде гендерлік теңсіздік түсінігі жоқ деп санайды.

Ахмадиеваның өзі болса үнемі шашыраңқы ойда, қарбалас шаруамен жүретіндіктен көлік жүргізуден бас тартыпты. Ол абайсыздығының кесірі өзгелерге тиіп кете ме де қорқады екен. Сондықтан оның алдын алу үшін жүргізуші жалдағанын жасырмады.

«Менің ойымша, әйелдердің көлік жүргізгені мүлде дұрыс емес. Мен мәселен көлік айдай алсам да, рөлге отырмаймын. Оның бір ғана қарапайым себебі бар: шығармашылық адамы болғандықтан, жолда мұқият емеспін», — деп ағынан жарылды ол.

Сөз соңында Ділназ Ахмадиева елімізде жол ережелерін көбірек насихаттап, көлікті сақ жүргізуге азаматтардың назарын аудару керек деп санайтынын жеткізді.

Сонда түрлі қайғылы жағдайлардың алдын алып, орны толмас қателіктерге бой алдырмаймыз дейді ол.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM