Мұндай оқыс оқиғаның орын алуына жолды қар басуы мен мұз себепші болған.
Мәскеу маңындағы Домодедово ауданында М-4 тасжолының ақылы аумағында шамамен 30 автокөлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы кезінде 20 көлікке түрлі зақым келген. Мұндай оқыс оқиғаның орын алуына жолды қар басуы мен мұз себепші болған. Салдарынан, жүргізушілердің бірі көлікті басқара алмай, оның артында келе жатқан өзге жүргізушілер темір тұлпарларының тежегіштерін басып үлгермеген.
KAZAKBOL.COM