Әлеуметтік желіде егде жастағы азаматты автобусқа отырғызбай жатқан сәттен видео жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
«Қалай ойлайсыздар, не үшін кіргізбеді?», — деп сауал тастады видеоны жария еткендер.
Мұны көрген желі қолданушылары ер адамға жасалған «әділетсіздікке» күйінді.
«Әділеттік қайда?», «Адам ішімдік ішті екен деп осындай айуандық жасау керек пе?», «»Ертең өзі де қартаяды, сол кісінің жасына келеді ғой. Неге сонша қатыгез болып барамыз?», — деп күйінді желі қолданушылары.
Дегенмен кей пікір қалдырушылар ер адам еш мас емес деген пікірде. Олардың сөзіне сенсек, мәселе ақшаға келіп тіреледі.
«Оңай картасы жоқ», «Себебі ақсақал тегін отырады, ал автобус иелері адамдарды тегін жеткізгісі келмейді», — дейді өзге желі қолданушылары.
Олар бұл жайт Семей қаласында болды деп топшылауда.