Бішкектің Баткен облысы аудандық соты екі жасар қызын сабады деген күдікпен ұсталған келіншекті үй қамаққа шығару жөнінде шешім қабылдады.
Оған қатысты сот отырысы 6 наурызда өтеді деп күтіледі.
Қаңтар айының соңында 38 жастағы ер адам милицияға арызданып, өзінің бұрынғы бірге тұрған әйеліне екі жасар ортақ қызын сабағаны үшін шара қолдануды сұраған.
Милиция мәліметінше, әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ол қызын ұрып, видеоға түсіріп, қыздың әкесіне жіберген.
Аудандық сот келіншекті 1 наурызға дейін қамау туралы шешім шығарған. Ал екі жастағы қыз бен тағы екі баласын уақытша балалар үйіне орналастырған.
KAZAKBOL.COM