Елбасының сұхбат беру сәті. Скриншот: Хабар арнасы
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасына берген сұхбатында Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге арналған шығындардың қысқаруын атап өтті.
«Біз құрған компания — «Астана ЭКСПО-2017» — алғашында шығын 800 миллиард теңге көлемінде болады деп жоспарлаған. Қолданылған шаралар нәтижесінде шығын көлемі екі есеге — шамамен 400 миллиард теңгеге қысқарды. Мұның бәрі Ахметжан Есімов жетекшілік ететін ЭКСПО-2017 ұйымдастырушыларының еңбегі. Олар жақсы жұмыс істеді», — деді Назарбаев.
Президент көрменің өзге елдердің жаңа технологияларымен танысуға мүмкіндік бергенін баса айтты.
KAZAKBOL.COM