Астана қаласында өткен мемлекеттік концертте Алтынай Жорабаеваның қолын елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алып, әншіге ақ тілегін білдірді. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
«Бүгінгі Мемлекеттік концерттен естелік! Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған концерт! Еңбегіңнің бағаланғаны қандай тамаша! Патшамыз кешегі концертіммен құттықтап, ақ тілегін айтты! Сүйікті тыңдармандарым, сіздердің ыстық ықыластарыңызға Алла разы болсын! Менің Алладан тілейтінім, Абыройлы болу… Міне осы — Шексіз абырой ! Әкетайым мен Анашым сіздерге мың алғыс, әдемі өмірге келуіме себепші болған! Балапандарым, xаншайымдарым сендерге рақмет!»,- деп жазған желідегі парақшасында.
KAZAKBOL.COM