Жоба негізінде техникалық мамандарды даярлау мен кәсіби білім беру жоспарланған.
Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейін азайтып, жұмыс орындарын арттыру үшін 137 миллион доллар бөлінеді. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жұмыспен қамту мемлекеттік қызметін және оқыту орталықтары мен мекемелердің жұмысын жемісті қылу үшін үлкен жобаны жүзеге асыруда. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы хабарлайды.
Министрліктің мәлімдеуінше, бұл жоба өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандарға, оқуға мұқтаж адамдарға пайдасын тигізбек. Жоба негізінде техникалық мамандарды даярлау мен кәсіби білім беру жоспарланған. Ұйымдастырушылар жекеменшік секторын осы бағытта мамандардың біліктілігін бағалау үшін жүйелі түрде жұмысқа тартуды көздеп отыр. Жоба 2020 жылдың маусымына дейін аяқталуы тиіс.
Фото: www.linkedin.com
KAZAKBOL.COM