Қазақстанның жанармайы жүк көліктерімен және бензин тасымалдаушымен Ресейге кетіп жатыр. Шекараны барынша қадағалау керек деп мәлімдеді Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Ол Ресейде бензин бағасының қымбат болуынан тапшылық орын алып жатқанын айтты.
«Ресеймен шекаралас аймақта жанармай бағасы күрт өсіп кетті. Егер үш миллион халқы бар Түркістан облысымен және 700- 800 мың халық тұратын Қостанай облысымен немесе Батыс Қазақстан облысымен салыстыратын болсақ, соңғы екі облыста бензинге деген сұраныс көп. Бұл жанармайдың әрі қарай Ресей асып жатқанын білдіреді», — деді Бозымбаев. Ол сондықтан шекараны қатаң бақылауға алу керек деген пікірін жеткізді.
Энергетика министрінің бұл ұсынысы бүгін өтетін үкімет отырысында талқыланбақ.
KAZAKBOL.COM