Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Энергетика министрі Болат Ақшолақов: Ресей және Өзбекстанмен газ одағы туралы сөз жоқ

KAZAKBOL.COM

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан Ресей және Өзбекстанмен газ мәселесі бойынша тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтінін, бірақ газ одағын құру мәселесін талқыламағанын мәлімдеді.

Бұл жөнінде Ақшолақов Atameken Business телеарнасына сөйлеген сөзінде айтқан.

«Ешқандай да газ одағы туралы келіссөз болған жоқ. Біз екі жақты әңгіме жүргізіп отырмыз, еліміздің солтүстік-шығыс аймағын газдандыру мәселесін шешу үшін Ресейге жиі барып жүргенімді білесіздер. Өзбекстанмен де қарым-қатынасымыз бар, өйткені біз Азия газ құбыры мен Бұқара — Ташкент — Бішкек — Алматы газ құбырының жүйесінде бірге отырмыз. Өзбекстанның газ мәселесі бойынша Ресеймен өз қатынасы бар. Кейде үшеулеп отырып, талқылайтын мәселе болады. Бірақ ол газ одағын құру деген сөз емес», – деді Ақшолақов.

Қарашаның соңында, кезектен тыс президент сайлауынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы ресми сапармен Ресейге барған. Сол кезде Ресейдің Қазақстан және Өзбекстанмен газ одағын құруға мүдделі екені айтылған.

Өзбекстан саяси шартты газға айырбастамайтынын, Ресеймен газ жөніндегі келссөз — одақтасу дегенді білдірмейтінін мәлімдеген.

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко 30 қарашада үш ел арасында газ одағын құру мәселесін талқылауға әзірге ерте деп мәлімдеген. «Қазақстан өз жерін санкциядан айналып өтуі үшін пайдалануға жол бермейді» деп қосып қойған.

Тәуелсіз республикаларға Совет одағының газ тасымал жүйесі мұраға қалған. Соның бірі «Орталық Азия — Орталық» газ құбыры Түрікменстаннан шығып Өзбекстан, Қазақстан арқылы Ресейге өтеді. Қазақстан мен Өзбекстан Қытайға баратын газ құбырының бойында да тұр.

Ресей газ экспорттаушы аса ірі ел саналады. Өзбекстан мен Қазақстан газын негізінен Қытайға экспорттайды, алайда екі ел де газды негізінен елдің ішкі рыногына бөледі.

Украинаға басып кіргеніне байланысты Еуропа одағы санкция салып, Ресей газына тәуелділігін азайтқан соң Мәскеу Қытайға айдайтын газ көлемін ұлғайта түскен.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM