Ерболат Досаев. Фото: ortcom.kz
Жанетта Жазықбаева басшылық ететін қордың өз орталығы да бар. Онда ВИЧ-ке шалдыққандарға дерттері туралы естіртіп, моральдық жəне психологиялық қолдау көрсетеді. Күні бүгінге дейін орталықта 15 жасқа дейінгі 85 баланың статусы ашылған. Оның 59-ы тек биыл ғана өз дерттері туралы хабардар болған. 2017 жылы тағы 150 балаға дерттері туралы естірту жоспарланып отыр.
«Балаларды СПИД-тен қорғайық» қорының президенті Жазықбаева ханым өз үндеуінде Ерболат Досаевқа індетке шалдыққан балалардың жағдайына көңіл бөлуді сұраған.
Айта кетерлігі, Шымкентте ВИЧ індетіне қатысты шу шыққан соң бірқатар ақ халаттылар жауапқа тартылып, сол кездегі еліміздің бас дəрігері қызметінен кетті. Өкініштісі сол, одан бері бірнеше жыл өткенімен, індеттің тарауына кінəлі деп танылған ақ халаттылардың ешбірі дертке шалдыққандардың бүгінгі ахуалына еш қызықпаған.
Тіпті сол кездегі Денсаулық сақтау министрі, бүгінде «Бəйтерек» ұлттық қорының басшысы болып отырған Ерболат Досаев та балалардың жағдайын сұрамапты. Жақында əлеуметтік желі арқылы Досаев мырзаға еліміз бойынша ВИЧ-ке шалдыққан балаларды арнап қор құру туралы ұсыныс тасталды. Əзірге бұрынғы министр ресми бұл ұсынысқа жауап қатқан жоқ.
Естеріңізге салсақ, Ерболат Досаев 2004 жылы Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған. Арада көп уақыт өтпей Шымкентте ВИЧ індеті асқынды.
KAZAKBOL.COM