АҚШ-Түркия қарым-қатынасының қазіргі бет алысынан «бірдеңе шығады деп айту қиын», — деп мәлімдеді түрік президенті Режеп Ердоған.
23 қыркүйекте Нью-Йоркте сөйлеген Ердоғанның мәлімдеуінше, Анкараның президент Джо Байден әкімшілігімен қарым-қатынасы «дұрыс басталмады». НАТО мүшесі саналатын Құрама Штаттар Түркияның қорғаныс қажеттілігін қамтамасыз етуге көмектеспесе, онда Анкара әскери блоктағы басқа да елдерге жүгінеді, деп ескертті Ердоған.
Haberturk түрік басылымы екі ел арасындағы қарым-қатынас Түркия Ресейден зымыран жүйесін сатып алған соң суып кетті деп топшылаған.
«АҚШ-Түркия қарым-қатынасы дамып жатыр деп айта алмаймын», — деді Ердоған Нью-Йорктегі журналистерге.
Дональд Трамп әкімшілігі былтыр түріктің қорғаныс өнеркәсібіне қарсы санкция енгізді. Бұған Анкараның Мәскеуден миллиардтаған долларға С-400 зымыран жүйесін сатып алуы себеп болды.
Кей сарапшылардың пікірінше, С-400 жүйесі НАТО мен АҚШ қолданатын F-35 ұшақтарына қауіп төндіреді. Мұндай ұшақтар Түркияда да шығарылған.
KAZAKBOL.COM