Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Еуроодақ Украинадан 300 мың босқын келгенін мәлімдеді

KAZAKBOL.COM

Еуропалық одақтың ішкі істер мекемесі Ресей Украинаға басып кіргеннен бері кемінде 300 мың украин босқыны шекарадан өткенін мәлімдеді.

Бұдан да көп босқындар өтуі мүмкін екенін ескертті.

Польшаның шекара қызметі 27 ақпанда бейсенбіден бері 200 мыңға жуық Украина азаматы өткенін мәлімдеді. Олардың бәріне көмек көрсетіліп жатыр. «Сенбіде Украинадан 77 мың адам өтті», – деді Шекара қызметінің басшысы Томаш Прага. Ал жексенбінің таңында 28 мың адам кірген.

Польша Ресей басқыншылық жасаудың алдында Украина азаматтарын қабылдай бастаған. Жалпы бір жарым миллион украин азаматы сонда тұрып жатқан. Қазір Польшада еріктілер Украинадан келген босқындарға көмек көрсетіп жатыр.

Тағы мыңдаған украиндық Венгрия, Румыния, Молдова шекараларынан өтті, жалпы саны 368 мың адам деп хабарлайды БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссары Филиппо Гранди.

Германия украин босқындарына арнап Польшадан Германияға өту үшін тегін пойыз ұйымдастырып жатыр. Қазір Польша мен Германия арасында күніне алты пойыз жүреді.

Австрия елі де Украинаны тастап кетіп жатқан азаматтар үшін тегіз пойыз ұйымдастыратынын мәлімдеді.

Еуропа елдерінде Украинаны қолдап ірі акциялар өтіп жатыр. Жексенбі күні Берлинде көшеге 100 мың адам шығып, Украинаға қолдау білдірді. Олардың көбі көк-сары түсті украин туын бейнелейтін белгілермен келді.

Праганың Вацлав алаңында да жексенбі күні мыңдаған адам Ресейдің басқыншылығына қарсы митингке шықты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM