Қазақстан президентінің ортаншы қызы Динара Құлыбаева мен оның күйеуі Тимур Құлыбаев америкалық Forbes журналының биылғы тізімінде 194 орынға бірден көтерілген. Елдегі ең ірі банкке иелік ететін ерлі-зайыпты Құлыбаевтардың жиынтық байлығы, журналдың есебінше, соңғы бір жылда бұрынғы көлемінен 2,2 миллиардқа көбейген.
Америкалық Forbes журналының 2018 жылғы әлемдегі ең бай адамдар тізімінебес қазақстандық еніп отыр. Өткен жылы басылым Қазақстандағы ең дәулетті адам ретінде көрсеткен президенттің бұрынғы іс басқарушысы Болат Өтемұратов биылғы төменге сырғып, ерлі-зайыпты Тимур және Динара Құлыбаевтар тізім басына көтерілген.
Forbes ақпаратына сәйкес, өткен бір жылдың ішінде Тимур Құлыбаевтың байлығы 1,1 миллиард долларға көбейіп, 3,2 миллиард долларға жеткен. Оның әйелі Динара Құлыбаеваның дәулеті де дәл осыншаға өсті деп хабарлайды басылым. Ерлі-зайыптылардың жиынтық байлығын америкалық журнал 6,4 миллиард доллардан асады деп бағалайды. Былтыр олар әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 973-орында болса, биыл осы тізімде 779-орында тұр.

Тимур Құлыбаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы, «KAZENERGY» мұнайгаз және энергетика кешені ұйымдары қазақстандық ассоциациясы жетекшісі қызметтерін атқарады, сонымен бірге ол ресейлік «Газпром» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі әрі Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетін, Қазақстан бокс федерациясы мен Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясын басқарады. Жұрт көзіне көп түспейтін Динара Құлыбаева Қазақстанды ұзақ жылдардан бері үздіксіз басқарып отырған әкесі президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қорына жетекшілік етеді.
Forbes журналының бағалауынша, миллиардер саны (585) бойынша АҚШ бірінші орында. Екінші орында – Қытай (Гонконг, Макао және Тайваньмен қоса — 476 адам). Биылғы жылы әлемдік қаржы алпауыттары тізіміне алғаш рет Венгрия мен Зимбабвенің байлары да енген.
KAZAKBOL.COM