Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Freedom House: Тәжікстанда диаспора өкілдеріне қысым көрсетіледі

KAZAKBOL.COM

Freedom House халықаралық ұйымы әлемдегі 38 өлкенің, оның ішінде Тәжікстан билігі сыни пікір білдірген диаспора өкілдеріне қарсы қысым болып жатқанын атап өтті.

Ұйымның стратегиялар және зерттеулер бойынша директоры Яна Гороховская 2022 жылдың соңына қарай әлемдегі 91 елдің ішінде 38 мемлекеттің үкіметі азаматтарына қарсы репрессиялық әрекеттер жасағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл елдердің билігі «өлтіру, шабуыл жасау, қамау және заңсыз депортациялау» секілді жолдармен сын айтқан диаспора өкілдерінің өзін жабуға әрекет еткен.

Freedom House ұйымының 2022 жылдағы трансұлттық репрессиялар туралы жаңа баяндамасында шетелдерде жүрген азаматтарына қарсы репрессиялық әрекеттер жасалған 854 жағдай жөнінде айтылған.

Құқық қорғаушылардың мәліметіне қарағанда, Қытай, Ресей, Египет және Тәжікстан билігі ең көп репрессиялық әрекеттер қолданған.

Яна Гороховская тәжік билігі былтыр «Ресейде жүрген таулы -бадахшандықтарды тұтқындау үшін Мәскеудегі ескі байланыстарын пайдаланғанын» жазды. Оның сөзінше, мамыр айында Таулы-Бадахшан автоном облысындағы наразылықтар күшпен тоқтатылғаннан кейін бұл аймақтан шыққан белсенділер Ресейде тұтқындалып, Тәжікстанда ұзақ мерзімге сотталған.

Осыған дейін Эмомали Рахмон режимін сынаған бірнеше азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушылар Ресейден ұрлап әкетіліп, еліне депортацияланғаны хабарланған.

Freedom House ұйымының бір ай бұрын жарияланған «Әлемдегі еркіндік — 2023» атты баяндамасында Тәжікстанды авторитарлық саяси жүйесіндегі еркін емес өлке деп таныған.

Тәжікстан билігі Freedom House баяндамасына ешқандай пікір білдірген емес.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM