Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Гаитиде жер сілкінісі: құрбан болғандар саны 300-ден асты, 2000-ға жуық адам жараланды

KAZAKBOL.COM

Гаитиде 14 тамыз күні болған 7,2 балдық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 304-ке жетті, кемі 1800 адам жарақат алды. Бұл туралы Гаитидің азаматтық қорғау агенттігі хабарлады.

Агенттіктің сөзінше, көбіне елдің оңтүстігіндегі тұрғындар опат болған. Құтқарушылар мен көшедегі адамдар жер сілкінісі кезінде қираған үйлердің және өзге де ғимараттардың астынан адамдарды алып шықты.

Гаитидің премьер-министрі Ариэль Генри бір айға төтенше жағдай жариялап, жер сілкінісі эпицентріне жақын Ле-Ке қаласына ұшып кетті.

Жер сілкінісі ел астанасы Порт-о-Пренстен 125 шақырымда, 10 шақырым тереңдікте, жергілікті уақыт бойынша таңғы 8:30 шамасында болған. Афтершоктар бірнеше апта не ай бойы сезілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін 5,2 балдық афтершок тіркеліп үлгерген. Бұл туралы АҚШ-ты геологиялық зерттеу орталығы хабарлады.

Сілкініс Порт-о-Пренсте қатты сезілген, бірақ ешқандай үй қирай қоймаған. Бұл туралы жергілікті тұрғынға сілтей отырып Reuters агенттігі хабарлап отыр.

Осыдан 11 жыл бұрын Порт-о-Пренстегі 7 балдық жер сілкінісі қаланың көп бөлігін бүлдіріп, 300 мыңға жуық адамның өмірін қиған.

АҚШ президенті Джо Байден мен вице-президенті Камала Харрис оқиға жөнінен хабар алып, президент Байден жедел шара қабылдауды мақұлдаған, оны үйлестіруді АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) жетекшісі Саманта Пауэрге тапсырды.

USAID шығынды бағалап, бүлінген елдімекендерді қайта салуға көмектеседі деді Байден.

Гуманитарлық көмек ұйымдары табиғи апаттың елдегі онсыз да қиын жағдайды одан әрі ушықтырып отыр дейді. Гаити 2010 жылғы жер сілкінісінен кейін толық қалпына келмеген, ал өткен айда елдің президенті Жовенель Моизді қастандықпен өлтіріп кетіп, саяси дағдарыс орнаған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM