Gazeta.uz тәуелсіз басылымы Өзбекстанның конституциялық реформалары жайлы екі бірдей мақаласын алып тастауға мәжбүр болған. Редакцияның айтуынша, мақала шыққаннан кейін «троллдар шабуылына» тап болған.
25 маусымда жарық көрген мақалада Конституцияға президент мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін ұзарту ұсынылғаны айтылған.
«Назар аударыңыздар! Gazeta.uz сайты мақалаға байланысты троллдар шабуылына тап болды. Пікірлердің бәрі бір IP-адрестен тарап жатыр. Редакция фейк пікірлерді жарияламауға құқылы», — деп жазылған хабарламада.
«Өзбекстанға қазіргі президент Ш. Мирзияев секілді мықты басшы керек» деп жазылған пікірлердің көбінде.
KAZAKBOL.COM