Германия мен Нидерланд полициясы террорлық шабуылдар жасамақ болды деген күдікпен Орталық Азия елдерінің тоғыз азаматын ұстады.
Германия бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қырғыз, түркімен және бес тәжік азаматы ұсталған. Олардың әйелдері де ұсталған.
Ұсталғандар «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қолдау білдірген және теракт жасамақ болған деген күдікке ілінген.
Мәліметке қарағанда, ұсталғандар бірін-бірі бұрыннан біледі және бәрі Германияға Украинадан, соғыс басталғаннан кейін барған.
Олар 2022 жылы террористік ұйым құрып, Германияда теракт жасайтын нысандарды зерттеп, қару-жарақ алу мәселелерін қарастырып жүрген.
KAZAKBOL.COM