«Өзбекстанда 2021 жылы адам құқықтарына қатысты реформалар өте баяу жүрді немесе кері кетті. Ол қазанда Шавкат Мирзияев жеңіске жеткен президент сайлауы қарсаңында анық байқалды», делінген «Хьюман Райтс Вотч» адам құқықтарын қорғау ұйымының баяндамасында.
Халықаралық ұйым мәліметінше, Өзбекстанда сөз еркіндігіне қатысты процестер сәтсіздікке ұшырады, билікті сынайтын блогерлер қудалауға ұшырады.
Тәуелсіз кәсіподақ ұйымдарын тіркемей жатыр. Азаматтарды азаптағандардың жазадан құтылып кетуі әдетке айналды, делінген ұйым баяндамасының Өзбекстанға арналған тарауында.
Құжаттың сөз бостандығына арналған бөлімінде Өзбекстан үкіметінің Озодлик радиосын әлі бұғаттан шығармағаны айтылған.
Ұйым мәліметінше, Өзбекстанда президент сайлауы қарсаңында БАҚ пен Интернетке бақылау күшейтілді.
Атап айтқанда, поляк журналисі Агнешка Пикулицкая аккредитациясының мерзімі созылмады, ташкенттік блогер Мирәзіз Базаров радикал мұсылман блогерлердің шабуылына ұшырады, тағы бір блогер Валижрн Калонов қамауға алынды.
Өзбекстанда үкіметтік емес ұйымдар қызметін тежейтін шектеу көп, делінген баяндамада.
Өзбекстан үкіметінің қоғамды демократияландыруды көздейтін реформалар жүргізіп жатырмыз деп мәлімдеуіне қарамастан, билік азаматтық қоғам өзегі саналатын үкіметтік емес ұйымдарды тіркемей отыр.
«Хьюман Райтс Вотч» баяндамасында митинг өткізу құқықтарына ерекше назар аударылған. Баяндама авторларының пікірінше, елде осыған қатысты заңнамаларды жетілдіру ісі баяулап қалды.
Өзбекстан қылмыстық заңнамаларында гомосексуализм үшін жаза қарастыратын баптар бар екені баяндамада зорлық пен азаптау формасының бір түрі ретінде сипатталды.
KAZAKBOL.COM