Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы Еуропа одағын бейбіт наразылық акцияларына көрсетіліп жатқан қысымға және Орталық Азиядағы шекара жанжалдарына көңіл бөлуге шақырды.
Ұйым мәлімдемесін ЕО дипломатиясының басшысы Джозеп Боррелдің Орталық Азия өлкелері – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстн, Түркіменстан және Өзбекстанның сыртқы істер министрлерімен 17-18 қарашада Самарқандта жоспарланған кездесуі алдында жариялады.
Human Rights Watch ұйымы 15 қарашадағы мәлімдемесінде Еуроодаққа Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстандағы бейбіт демонстранттарға қарсы репрессия мәселесін көтеруді ұсынған.
Биыл бұл өлкелерде ірі наразылық акциялары болып, бірақ күш қызметкерлері митингтерді күшпен басып, ондаған адам қайтыс болды.
Human Rights Watch бұдан бөлек Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы қарулы қақтығысты да талқылауға шақырды.
KAZAKBOL.COM