Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Илья Ильин Токиодағы Олимпиада ойындарында бақ сынауы мүмкін

KAZAKBOL.COM

Илья Ильин. Фото: vesti.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері Алексей Ни Илья Ильиннің қайта тұғырға оралуы мүмкін дейді. Одан бөлек, бапкер Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында Зульфия Чиншанлоның да Токио Олимпиадасына қатысу мүмкіндігі туралы айтып берді.

Еске салайық, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының шешімі бойынша Зульфия спорттан екі жылға шеттетілген еді.

Жаза мерзімі 2016 жылдың 26 мамырдан басталады. Жазаның аяқталу мерзімі 2018 жылдың 10 маусымы. Ал Ильиннің жағдайына байланысты нақты шешім шығарылған жоқ.

«Мен әлі күнге дейін Чиншанломен сөйлесіп тұрамын. Үнемі байланыстамын. Жаза туралы шешім шығарылғанға дейін біз Зульфиямен кездесіп, Токио Олимпиадасы туралы сөйлестік. Сол кезде ол егер Олимпиадаға қатысатын кішкентай мүмкіндік болса, сол мүмкіндікті пайдаланатынын айтты. Енді жаза мерзімі нақты белгілі болғаннан кейін ол спортқа қайта оралады.

Илья Ильин туралы айтатын болсақ, оның жағдайы әлі белгісіз болып тұр. Егер Ильяда мүмкіндік болатын болса, онда ол да мұны пайдаланары анық. 

Мен оның ісіне байланысты отырыстың қашан болатынын да білмеймін. Бұл сауалмен Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы айналысып жатыр. Егер Ильинді де екі жылға шеттететін болса, ол да Токиодағы Олимпиадаға қатысады деп ойлаймын», — дейді Ни.

Тағы оқыңыздар: Головкин: Сауль Альваресті нокаутқа түсіремін деп ойлаймын

Айта кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Майя Манеза мен Зульфия Чиншанлоны екі жылға спорттан шеттетсе, Светлана Подобедованы сегіз жылға спорттан аластатқан еді. Жаза Лондондағы Олимпиада ойындарының допинг сынамасы тексеріліп, теріс нәтиже берілгеннен кейін, яғни 2016 жылдың 26 мамырында шықты.

Илья Ильин де осы допинг мәселесіне байланысты спорттан шеттетілді. Бірақ, оның нақты қанша мерзімге шеттетілгені туралы нақты шешім шықпады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM