Индонезияда Lion Air компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Индонезия билігінің хабарлауынша, ел астанасы Джакартадан Панкалпинанг қаласына ұшып шыққан Boeing 737 ұшағы Суматра аралына жақын теңізге құлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақта 188 адам болған. Ұшақта тірі қалғандар бар-жоғы әзірге белгісіз. «Ұшақтың апатқа ұшырағаны расталды» деді Индонезия ұлттық іздеу және құтқару агенттігінің ресми өкілі Юсуф Латиф 29 қазан күні таратқан хабарламасында.
Serpihan pesawat Lion Air JT 610 yang jatuh di perairan Karawang. Beberapa kapal tug boad membantu menangani evakuasi. Video diambil petugas tug boad yang ada di perairan Karawang. pic.twitter.com/4GhKcRYkpG
— Sutopo Purwo Nugroho (@Sutopo_PN) 29 октября 2018 г.
Flightradar 24 сервисінің мәліметінше, ұшақтың толық атауы Boeing MAX 737 деп аталады. Модификацияланған бұл типті ұшақтар 2017 жылы пайдаланыла бастаған. Бұған дейін Boeing-тің мұндай модельдері апатқа ұшыраған емес.
Beberapa serpihan pesawat Lion Air JT 610 yang jatuh di perairan Karawang. Pesawat membawa 178 penumpang dewasa, 1 penumpang anak-anak dan 2 bayi dengan 2 Pilot dan 5 FA. Basarnas dan Kementerian Perhubungan terus melakukan penanganan. Beberapa kapal tug boad berada di lokasi. pic.twitter.com/Gb6P4zjCQF
— Sutopo Purwo Nugroho (@Sutopo_PN) 29 октября 2018 г.
Boeing компаниясы ұшақ апатынан хабардар екенін және жағдайды «жіті бақылап отырғанын» мәлімдеді.
Lion Air Group компаниясының атқарушы директоры Эдуард Сираи компания апатқа қатысты барлық ақпарат пен деректі жинастырып жатқанын ғана айтып, әзірге комментарий бере алмайтынын хабарлады.
Индонезияда соңғы жылдары бірнеше рет ұшақ құлап, адам шығыны болған.
KAZAKBOL.COM