Иранда 2020 жылдың қаңтарында Украинаның жолаушылар ұшағының атып түсірілуіне байланысты 10 әскери қызметкер түрлі мерзімге сотталды. Бұл туралы Mizan Online басылымы хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, Ислам революциясы күзеті корпусының әуеден қорғану бөлімінің командирі он жылға, оның қоластындағы қызметкерлері бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімдерге кесілген.
Сот командир әуедегі ұшақты жаудың ұшағы деп бағалап, оны атып түсіруге бұйрық берген.
2020 жылы 8 қаңтарда Иранның Әуеден қорғану күштері «Украина әуе жолдары» әуе компаниясының Тегераннан Киевке ұшқан ұшағын атып түсіріп, борттағы 176 адамның бәрі қаза болған.
Иран билігі алғашқыда ұшақты атып түсіргенін мойнына алмай, төрт күннен кейін ғана оқыстан болғанын мәлімдеген.
Бұл оқиға иран генералы Касем Сулейманидің АҚШ әуе соққысынан мерт болғанына байланысты Вашингтон мен Тегеран арасы нашарлап тұрған кезде болған.
Ұшақтағы жолаушылардың дені Канада мен Иран азаматтары болған. Олардың арасында 11 украин азаматы болған. Иран билігі қаза болған әрбір марқұмның жақындарына 150 мың доллардан ұсынған. Бұл сомаға барлығы бірдей разы болған емес.
KAZAKBOL.COM