Фото: sputniknews.kz
Орталық базар ауданында пираттық DVD және CD дискілер сатқан 34 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Сатушыдан жалпы саны 149 диск тәркіленген, олардың 12-сі порнографиялық фильмдер. Аталмыш іске қатысты сараптама тағайындалды.
Ұсталған әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 311 бабы бойынша (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) қылмыстық іс қозғалды. Бұл құқықбұзушылық үшін 2 мың АЕК көлемінде айыппұл немесе сондай көлемдегі түзету жұмыстарына салу, не болмаса екі жылға бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қолданады. Сонымен бірге айыптының мүлкі тәркіленуі мүмкін.
KAZAKBOL.COM