Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Күйеуіңізді қайта қызықтыру үшін не істеу керек? (+18)

KAZAKBOL.COM

Бірнеше жыл отасқаннан кейін де жұбайлар бір-біріне қызықты болып қалуы үшін не істегені жөн? Алғашқы ынтызарлықты қайтадан сезіну үшін мына кеңестерге көңіл бөліңіз деп жазады comode.kz.

Сүйікті тағамды күнде жей берсеңіз, шығып кетесіз. Сол секілді отбасындағы сүйіктілер арасындағы қатынас уақыт өткен сайын суи береді. Құштарлық бәсеңсіп, романтика жоғалып, күнделікті күйбең тіршілік орнайды. Күнделікті бір сценарий – үй-жұмыс, кешкі тамақ, бала тәрбиесі, түнге дейін мәнсіз сериал қарау әрбір адамды мезі етеді.

Өзгерістер қажет

Осындай қызықсыз күндер сіздің де үйіңізде орын алса, күйеуіңізді өзіңізге қайта ғашық ету үшін кішкене қиял қосып, үйреншікті заттардың орнын ауыстырыңыз. Жарыңыз сізді күнде үй халатында көруге көзі үйренген. Ал бүгін сіз оны сексуалды мини-көйлекпен, биік өкшелі туфли киіп қарсы алыңыз.

Секспен түнде ғана айналыссаңыз, таңертең әдеттегіден 30 минут ерте оянып, сүйіктіңізді аймалап оятыңыз. Немесе жұмыстан кейін үйге емес, кафе не киноға бірден жол тартыңыздар. Тіпті төсегіңіздің орнын ауыстырсаңыз болады.

Фен шуй мамандары төсекті 40 күнде бір рет ауыстырып тұруға кеңес береді. Немесе көптен бері армандап жүрген төсек-орын тысын жаңартсаңыз болады.

Құмарлық оятатын киім-кешек

Сүйікті джинсы мен отбасы дамбалдары сіз үшін бағалы шығар? Бірақ жарыңызды қызықтырғыңыз келсе, жаңадан сексуалды шілтері іш-киім сатып алыңыз. Шілтері шұлықты ұмытпаңыз. Әрбір ер адам шұлық киген бикешті ұнатады.

Осылайша жаңаша іш-киіміңізді киіп жарыңызға тосын сый жасап көрініңіз. Әйтпесе жарыңызбен бірге дүкенге барып екеуіңізге де ұнайтын іш-киім таңдасаңыз болады.

Ақ, дене түсті іш-киім кисеңіз, жаңадан қызыл, қара түстісін немесе гүлдісін алып көріңіз. Әр түрлі фасондағы, түрлі-түсті іш-киім алыңыз.

Күйеуіңізді қызықтырам десеңіз, бірге демалуды жоспарлаңыз

Сүйіктіңізге романтикалық саяхат құруға ұсыныс жасаңыз. Ол шетел болуы міндетті емес. Романтикалық саяхатқа тек екеуіңіз ғана барыңыздар. Жаңа жер, бейтаныс адамдар сізді еркін сезінуіңізге ықпал етеді. Бір уақытқа болса да әйел мен күйеу екеніңізді ұмытып, бір біріңізбен жас жұбайлар секілді ойнаңыздар.

Күнделікті өмірде ересек адамға көңілдену жетіспейді. Көшеде соңғы рет қашан сүйісіп едіңіздер? Тіпті бейтаныс жерде, беймезгіл уақытта секспен айналысып көріңіздер. Ешкім көрмейтін жағажайға барыңыздар. Осындай құпиялықтың арқасында сезімдеріңіз қайта оянады.

Екінші некелі түн

Алғашқы неке түнін қайталап көрсеңіз қайтеді? Шілтері шұлық, туфли, іш-киіміңізді киіңіз. Сандықтағы ақ көйлегіңізді киіп, гүл-шампан ашып, лирикалық баяу музыка ойнатыңыз. Той көйлегі болмаса жарыңызды тек шұлық пен фата киіп қызықтырыңыз. Қонақүйде бөлме алып, бір түндеріңізді сонда өткізіңіз. Дайындалып болған соң, сүйіктіңізге смс арқылы, электронды пошта арқылы шақыру жіберіңіз.

Кел, ойнайық!

Азғырудың тағы бір түрі – эротикалық фант ойынын ойнаңыздар. Дайын ойынды секс-шоптан немесе интернет дүкеннен тапсырыспен алдыруға болады. Әйтпесе қолдан- ақ жасап көріңіз.

Картон қорабына «Шешіндір мені» немесе «Омырауымнан сүйші» деген сыңайдағы ұсыныстар жазылған қағаздарды салыңыз да күйеуіңізге ұсыныңыз. Осындай бір-біріңіздің ұсыныс-тілектеріңізді орындап, ләззатқа толы түнді бастан кешіресіз.

Ойынның басқа түрі – чек кітапшасы. Махаббат есептерін күнделікті төлеп, орындау керек. Мәселен, «Мен саған эротикалық массаж жасаймын» немесе «Бүгін түнде шығыс биін билеп беремін» деген қағазшаны ұйықтап жатқан күйеуіңіздің жанына қойыңыз.

Жанына таза парақшаны қойыңыз. Сүйіктіңіз де сіздің көңіліңізден шығатын заттар жазып берсін. Осылайша түнді екеуіңіз де асыға күтесіздер.

Сценарий бойынша күйеуіңізбен төсектес болыңыз

«Бүкіл әлем — театр, ал адамдар — актерлар» екенін ескерсек, сүйіктіңізді эротикалық сценариімен таң қалдырыңыз. Мысалы, үй жинаушы, медбике, хатшы бикеш болып киініңіз. Бұл киімдер кез-келген секс-шопта сатылады. Осылайша мүлдем басқа адам болып күйеуіңізбен төсектес болыңыз. Таныстарыңыз сізді секс-шопқа кіріп бара жатқаныңызды көргенін қаламасаңыз, интернетте секс-шоптар жетерлік.

Эротикалық рөлді ойындар жатын бөлмеңізді алдын ала дайындауды қажет етеді. Ойынның сценариін ойластырыңыз. Балаларыңызды туған-туыстардың үйіне қонаққа жіберіңіз. Телефонды сөндіріп, бұл уақытты тек екеуіңізге арнаңыздар.

Ойынның басында өзіңізді еркін сезінбеуіңіз де мүмкін. Бірақ ойынға шындап кіріссеңіз, ұялшақтық кетеді.

15 жыл отау құрғаннан кейін де жарыңызды өзіңізге қайтадан ғашық ете аласыз. Бастысы, өз қалау-арманыңыздан ұялмаңыз, бір-біріңізді қызықтыра біліңіз.



KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM