Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Күйеуінен қорлық көрген қазақ қыздары өзге ұлттан бақытын қалай тапқанын баяндады

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: LoveBody.ru

 Қазақстандық қыздар бақытын өзге ұлттан қалай тапқанын баяндап берді деп жазады Қамшы порталы.

«Ұлыбританияға оқуға кетерімде анам «Кіммен кездессең де өз еркің, тек үндістер мен қара нәсілділер болмаса болғаны. Ал тұрмысқа шыққың келсе, қазақты таңда», — дегені есіме түсіп отыр. Дәл сол кезде бұл сөздерінің мағынасына мән бермеген едім. Тек құрбыларым Фейсбук желісінде шетел азаматтарына тұрмысқа шыққан қыздардың бақытсыз өмірі жайында жарыса жазғандары көңіліме қанжардай қадалды. Ең басты назарға алғаным, қара нәсілді жігіттерге тұрмысқа шыққан қазақ қыздарының өмірі болды», — деп бастады әңгімесін шымкенттік ару Жанар

Ата-анам үшін қара нәсілді күйеу баладан гөрі мені ұрып-соғатын қазақ күйеу бала әлдеқайда артық еді

Жанар — салт-дәстүрді қатаң ұстанған отбасында тәрбиеленген қарапайым қазақтың қызы. 28 жасында оңтүстіктің салтымен тұрмысқа шықты, сәтсіз тұрмысқа шықты десе де болады. Уақыт өте келе жұмысынан айырылған Жанардың күйеуі оны балағаттауды, одан қалса ұруды шығарды. Уақытша мінез көрсетуі шығар деп Жанар шыдап жүрді. Алайда, күйеуі дөрекілігін доғармады. Сөйтіп, Жанар заттарын жинап, үйінен кетіп қалады. Кеткенде де алысқа кетті, Америкаға. Вашингтонның бір көңілді отырысынан қыз Дэвид есімді жігітті кездестіреді. Бір-біріне бір көргеннен ғашық болған қыз бен жігіт жақынырақ араласа бастайды. Тіпті, бір-бірін жақсы түсінетін халге жетеді.

Бір жолы екеуінің суреті байқаусызда ғаламтор желісіне таралып кетеді. Сол сәттен бастап Жанардың туыстары қызды еліне қайтармақ болады. Ал Жанар Дэвидтің жанында өзін бақытты сезінетін, күйеуімен болған сәтсіз естеліктер қыздың көңілін ендігі мазаламайтын болған. Жігіттен айырылғысы келмеген Жанар суреттерінің ғаламторға таралып кетпеуін қатаң қадағалап жүрді, өзі Дэвидпен араласуын доғармады. Жарты жыл таныстықтарынан соң Дэвид Жанарға үйленуге ұсыныс жасайды. Ата-аналарына ескертпестен жастар үйленіп алады. Оқуын тәмәмдағаннан кейін Жанар үй ішіне Америкадан жұмыс таптым деп алдап, қалып қояды.

Екі жылдан кейін жас отбасы балалы болады. Ал туыстары сол күйі хабарсыз еді. Себебі, әкесі біліп қойса қызды өмірінен мәңгіге өшіретін еді. Отбасынан да айырылғысы келмеген Жанар үшін ол кезеңдер қиынға соқты. Шындықты айтуға қанша бел байласа да дәті бармады. Себебі, ата-анасы үшін қара нәсілді күйеу баладан гөрі оны ұрып-соғатын қазақ күйеу бала әлдеқайда артық еді.

Күйеуіммен түскен суретім біреудің сезімін қорлайды деп ойламадым

Бұрынғы алматылық ару Маржан қазақ және орыс тілдерінен басқа бірнеше тілді меңгерген. Қыздың білімі үшін ата-анасы барын аянбады. Табысты ару қашан да жігіттердің назарында болатын. 6 айға тәжірибеден өту үшін Берлинге барған қазақ қызы Стив есімді британдық жігітті кедестіреді. Оқуы аяқталған соң Маржан Алматыға қайтады, британдық жігіт те Алматыға қыздың артынан келеді. Маржанның ата-анасы шетелдік күйеу балаға керісінше қуанды, Лондонға жиі барып тұрамыз деп қуаныштары көкке жетті. Сөйтіп, жастардың тойы да өтеді. Маржан қай кезде де әрдайым белсенді болатын, ғаламторда да. Өз парақшасына тойдың, кейінірек бақытты отбасының суреттерін сала бастайды.

Алайда бұл суреттері бүреудің сезімін қорлайды деп ойламаған. Бір құрбысы Маржанға оның отбасы адамдар арасында қызу талқыға салынып жатқандығын ескертеді. Алғашында қыз мән бермей жүрген, бірақ суреттеріне жазылған пікірлерді көргенде жағасын ұстады. Мүлдем танымайтын адамдардың өзі қызды сатқынға балап, қарғаған. Бір белсенді оны өлтіруге ұсыныс тастапты. Маржан ақыры бұл топқа шағымданып, жаптырып тастайды. Алайда, жазылған пікірлер көңілінен кетпесі анық еді. Сол сәттен бастап желіге сурет салуды доғарды.

Ағам мені «отбасымызға енген қара дақ» дейді, алайда, мен жіберген ақшадан бас тартпайды

Гүлназ – ауылда өскен қазақтың қызы. Әкесі ерте қайтыс болғандықтан, отбасы жоқшылықпен арпалысып келді. Сүт сатып күн кешіп жүрді. Мектеп бітірген Гүлназ Жоғарғы оқу орына тегін түседі. Оқу барысында қыз Алла жолын таңдап, орамал тағуды бастайды. 42 жастағы үйленген ер адамға тұрмысқа шығады. Пайғамбарымыздың төрт әйелі болған, онда тұрған ештеңе жоқ деп өз-өзін жұбатып жүреді. Алайда, күйеуінің жұдырығын ғана көретін қыздың бақытсыз күндері басталады. Ұлын босанған соң ажыраспақ болады, күйеуі рұқсатын бермеді. Тіпті, ауыл молдасы да күйеуіне жақтасқан. Ақыры, Гүлназ баласын алып, үй киімімен қашып кетеді. Сөйтіп, жаңа жұмысқа орналасады. Ол жердегі күні де қараңғылыққа толы. 60 жастағы бастығы қызға қырыңдауды шығарды. Қыз бас тартқандықтан, жұмыстан қуылады. Өмірі қор болған бейбақты туыстары кім көрінгенмен таныстыра бастайды. Ең бастысы, тұрмысқа шықса болғаны.

«Өз-өзімді өлтірмек болдым, бірақ ұлымды ойладым. Бірде құрбым Еуропада жақсы табыс табуға болатынын айтты. Еш ойланбастан заттарымды жинадым да, шетелге тартып тұрдым. Қолымдағы бардың бәрін саттым, маған көмектесіп, үй жағын қарастырып берген азаматтар табыла кетті. Осылай да өмір сүруге болады екен-ау. Жұмыс істедім, еуропалық жігітке тұрмысқа шықтым. Бүгінгі күні Алекс екеуміздің қызымыз бар, үшіншісіне аяғым ауыр. Бақытты әйелге айналдым. Бірақ ағам бұл ойыма көнбеді, ол үшін мен отбасының басына түскен қара дақ болдым, бірақ мен жіберетін ақшадан бас тартқан емес. Ал, желідегі суреттеріме «шошқаның қойнында жатыр», «қандай жиіркенішті» деген пікірлер де кездесті», — деп ойымен бөлісті Гүлназ.

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM