Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Кабулдағы екі жарылыста кем дегенде 19 адам опат болды

KAZAKBOL.COM

Кабул орталығындағы әскери ауруханаға жасалған шабуыл салдарынан кем дегенде 19 адам опат болып, елу шақты адам жараланды. Бұл туралы AFP «Талибанның» денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Шабуыл жауапкершілігін әзірге ешқандай топ мойнына алған жоқ, бірақ тәліптер жарылысты «Ислам мемлекетінің» бөлімшесі — IS-K ұйымын айыптап отыр.

Tolo News телеарнасының мәліметінше, алғашқы жарылыс аурухана кіреберісінде, екіншісі ғимаратқа жақын маңда болған. Одан соң шабуылдаушылар мен «Талибан» содырлары арасында атыс басталды.

Дәрігерлердің бірі жарылыстан соң оқ атылғанын естігенін AFP агенттігіне хабарлаған. «Шабуылдаушылар өткен жолдағыдай бір бөлмеден екінші бөлмеге өтіп жатқан сияқты», – деп мәлімдеген дәрігер 2017 жылы дәл осы ауруханаға жасалған шабуылды еске салды. Сол кезде «Ислам мемлекеті» тобының дәрігер киімін киген содырлары кем дегенде отыз адамды өлтірген.

Халықаралық әскер Ауғанстаннан кеткен соң, 2021 жылғы тамызда «Талибан» содырлары билікті басып алды. Елде зорлық-зомбылық оқиғалары мен жарылыстар жиіледі, олардың бірқатарын тәліптермен жауласушы «Ислам мемлекеті» жасады.

ИМ ұйымдастырған ірі шабуылдардың бірі 2021 жылғы тамызда халықаралық эвакуация кезінде Кабул әуежайында болды. Жанкешті содырлардың адам көп жиналаған жерде жасаған жарылыстарынан шамамен 200 адам қаза тапты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM