Шавкат Мирзияев. Фото: centralasian.org
Ғимарат Ташкент орталығында — Шараф Рашидов және Бешёгоч көшелері аралығында салынады. Жергілікті баспасөз мәліметі бойынша, құрылыс 5 қаңтарда басталған.
Мирзияев Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримовтің «Ок сарой» резиденциясына кірмеді. «Ақ сарайда» мұражай орналасатын болды. Мирзияевтің жаңа кеңсесі «Ок саройдың» дәл артында тұрғызылады.
Өзбекстандық ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, мемлекет басшысы «Дүрмен» және «Көк сарай» резиденцияларына кірмейтін болды. Бұл сарайларға кезінде Каримов тұрған.
Қазір Мирзияевтің жұмыс кеңсесі Ташкенттегі «Мустакиллик» алаңындағы парламент сенаты ғимаратының екінші қабатында орналасқан.
KAZAKBOL.COM