Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

«Кармет» компаниясының бұрынғы жұмысшылары үкіметтен жалақы қарызын төлеуді талап етіп жатыр

KAZAKBOL.COM

Астананың мамандандырылған ауданаралық соты «Кармет» мемлекеттік акционерлік қоғамы (МАҚ) бұрынғы жұмысшыларының еңбек және қаржы министрлігіне қарсы шағымын қарауды бастады.

«Карметтің» бұрынғы жұмысшылары атынан шағым түсіруші Ерсаин Ешмұхамбетов мекемені 1995 жылы жекешелендіру нәтижесінде төленбей қалған жалақыны өтеуді, яғни 111 миллион теңге (240 мың доллар шамасында) төлеп беруді талап етіп жатыр.

1996 жылдың 21 маусымындағы қаулыға сәйкес, үкімет заңдық және жеке тұлға алдындағы қарызды төлеуді міндетіне алған екен.

Бірақ содан бері жұмысшыларға тек жартылай ғана қарызын төлеген. Қарыздың жартысы 1998 және 2007 жылдары жабылған. Бірақ әлі 111 млн теңге қарыз қалған.

— Біз 1996 жылдың 21 маусымында министрлер кабинеті шығарған «Карметкомбинаттың» қарызын толық жабу туралы» қаулының толық орындалуын сұраймыз. Жұмысшылар өзінің адал еңбегінің ақысын әлі ала алмай жатыр», — деді шағымданушының адвокаты Молдабай Жалғасов.

Сот процесі кезінде еңбек министрлігі шағымданушының арызын қанағаттандырмауды сұрады. Себебі, қарызды жабуға министрлік жауапты емес дейді. Ал қаржы министрлігі шағымдағы талаптарды мойындамайды.

«Үкіметтен қарызды жабу туралы нақты тапсырма берілмеді. Шағымданушылар сұрап отырған қаржыны жұмысшылар дер кезінде талап етпегендіктен, ол ақша бюджетке қайтарылған», — деді қаржы министрлігінің өкілі.

1995 жылдың қазан айында «Қарағанды металлургиялық комбинат» мемлекеттік кәсіпорны «Испат Интернешнл Лимитед» компаниясына сатылған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM