Бұл жөнінде «Қырғызстан темір жолы» ұлттық компаниясының жетекшісі Азамат Сакиев мәлімдеді.
Ол Ресей тараппен келіссөз жүріп жатқанын, басқа қалаларға жолаушылар пойызына рұқсат алғанын жеткізді.
«20 сәуірге қарай бірқатар жолаушылар пойызы қайта жүре бастауы мүмкін. Атап айтқанда, Бішкектен Самараға, Қазанға және Новосибирскіге жолаушылар пойызы қатынайтын болады. Ал Мәскеу темір жолында жаңарту жұмыстары жүріп жатқаннан кейін, уақытша тоқтатты. Сол себептен келесі жылға дейін Мәскеуге дейін пойыз қатынамайды», — деді Сакиев.
2020 жылдың наурызынан бастап коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық пойыз қатынасы тоқтаған.
KAZAKBOL.COM