Фото: KOREA NEWS SERVICE
Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Қытай шекарасының маңындағы Тончхан провинциясының полигонынан бірнеше баллистикалық зымыран Жапон теңізіне қарай ұшырылды делінген.
Ұшырылған 4 зымыранның қандай екендігі туралы мәлімет жоқ.
Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігінің ресми өкілінің оңтүстік кореялық телеарнаға берген сұхбатында, бұл құрлық аралық зымырандар болуы мүмкін деп отыр.
Соңғы рет Солтүстік Корея зымырандарын осы жылдың 12 ақпанында ұшырған еді.
Қаңтар айының басында Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын баллистикалық зымырандарды жасап жатқандығын және бұл жолғы зымырандар алыс радиуста іске қосылып, Америка жағалауына дейін жететіндігін айтқан болатын.
KAZAKBOL.COM