Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Киев пен Мәскеу келіссөзі украин-беларусь шекарасында алғышартсыз өтеді

KAZAKBOL.COM

Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздер беларусь-украин шекарасындағы Гомель облысында өтеді. Оның нақты қашан басталатыны туралы ресми мәлімет жоқ. Ресей Украинаға 24 ақпанда басып кірді. Қазір Киев түбінде, Харьков түбінде, Донбаста, Украинаның оңтүстігінде ұрыс жүріп жатыр.

Украинамен келіссөз жүргізу үшін Беларусьқа барған ресейлің делегация басшысы Владимир Мединский мен Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, украин делегациясы Беларусьтың Гомель облысына келіссөз жүргізу үшін келуге келісті. Украина президенті кеңсесінің хабарлауынша, екі елдің делегациялары украин-беларусь шекарасында, Припять өзеніне жақын маңда өтеді. Александр Лукашенко Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефонмен сөйлесіп, қауіпсіздікке кепілдік беретінін мәлімдеді.

Зеленский Мәскеу мен Киев келіссөздерін Варшавада, Будапештте, Стамбул мен Бакуде өткізуді ұсынған. Кейін ол Лукашенкомен сөйлесіп, делегацияларды Гомель қаласына жинауға келісті.

Мәліметтерге қарағанда, бұның алдында Киев келіссөздерден Мәскеу шарттарына байланысты бас тартқан. Содан кейін Ресейдің Украинадағы «арнайы әскери операциясы» жалғасты.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның мәлімдеуінше, Ресеймен келіссөздерде Украина капитуляция, жер беру мәселесін талқыламайды. Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Бондарьдың айтуынша, Киев Ресейден атысты доғаруды, әскерді алып кетуін талап етеді, бірақ бұл келіссөздер алғышартсыз ұйымдастырылады.

Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанға қараған түні Украинаны «ұлтышлардан тазарту және демилитаризациялау» мақсатында арнайы әскери операция» басталғанын жариялады. Ресей әскері Украинаның бес облысының шекарасын басып өтті. Қазір Харковь түбінде, Киев түбінде, Донбаста, Украинаның оңтүстігінде ұрыс жүріп жатыр.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM