30 маусымда Кишинев әуежайында оқ атқан адам Тәжікстанда іздеуде болған. Бұл жөнінде Молдованың бас прокуроры Ион Мустеата мәлімдеді. Оқ атқан адам Душанбеде банк қызметкерін ұрлады деген күдікке ілінген.
Шабуылдаушының өзі қазір ауруханада ес-түссіз жатыр. Аты-жөні айтылған жоқ. Ұстау кезінде ол шамамен он оқ жаратын алған.
Оқиға 30 маусымда Кишинев әуежайында болған. Түркиядан ұшып келген Тәжікстан азаматын кеден қызметінің өкілдері елге кіргізуден бас тартқан. Оны өзге рейспен қайтару үшін қарауылмен әкетіп бара жатқанда ол шекарашының қаруын тартып алып, оны атқан. Бұдан соң әуежайдың тағы бір қызметкерін атып өлтірген. Бір жолаушы жараланған.
Молдова бас прокурорының сөзінше, бастапқыда шабуылдаушыға террористік акт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір бұл екі адам өліміне әкелген салдары ауыр қылмыс туралы баппен алмастырылған.
KAZAKBOL.COM