Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Конституциялық өзгерістер заңды күшіне енді

KAZAKBOL.COM

Орталық референдум комиссиясы (ОРК) Қазақстан конституциясына енгізілетін өзгерістер жөніндегі референдумның ақырғы қорытындысын жариялады.

Комиссия мәлметіне қарағанда, референдумда дауыс бергендердің 77,18 пайызы өзгерістерді қолдаған. ОРК келтірген мәліметтер алдын ала жасалған қорытындымен негізінен сай келеді.

Ақырғы қорытынды мен алдын ала қорытындының жалғыз айырмасы — өзгерістерді қолдаушылар санында ғана. Ақырғы қорытындыға қарағанда, референдумда 6 миллион 163 мың 516 адам өзгерістерді қолдап дауыс берген. Алдын ала қорытындыда бұл цифр 6 миллион 163 мың 863 адам болған.

Референдум қорытындысы дауыс бергендердің 18,66 пайызы, яғни 1 миллион 490 мың 470 адам қарсы болғанын көрсеткен.

7 маусымдағы мәліметтерге қарағанда, референдумға дауыс беруге құқығы бар азаматтардың 68,05 пайызы қатысқан. Дауыс беруге құқығы бар республика азаматтарының жалпы саны – 7 миллион 985 мың 769 адам.

ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіров конституцияға енгізілетін өзгерістер референдумның ақырғы қорытындысы жарияланған күннен бастап күшіне енетінін мәлімдеді.

5 маусымдағы референдум кезінде тәуелсіз бақылаушылар түрлі заң бұзушылықтар болғанын хабарлаған. Референдумнан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ» деп халыққа үндеу жасаған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM