Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

КОРОНАВИРУСТЫ БІР ТӘУЛІКТЕ 1459 АДАМ ЖҰҚТЫРҒАН

KAZAKBOL.COM

Қытайда демалып, елге дене қызуымен оралған көкшетаулық балалардан коронавирус табылмады. Олардан кәдімгі тұмау белгілері анықталыпты. Ал бүгін Қызылордада жергілікті тұрғынның осы инфекцияны жұқтырғаны анықталды деген ақпарат тараған еді. Бұл қаншалықты рас? Көрші елдегі ахуал қалай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Әлем бойынша 6000-ға жуық адам қауіпті вирусты жұқтырған. Оның 132-сі көз жұмды. Ал 103 науқас дерттен құлан таза айығып шығыпты. Бұл короновирусқа қатысты соңғы деректер. Алайда, аты жаман аурудың таралу аумағы да күн өткен сайын ұлғайып келеді. Қауіпті кесел әлемнің бақандай 15 мемлекетін жаулап үлгерген. Ал, еліміздің бас санитары дене қызуы көтеріліп оқшауланған ел азаматтарына қатысты ресми түсінік берді. ЖАНДАРБЕК БЕКШИН, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Енді Қызылордадағы жағдай туралы, науқас дене қызуымен және бас ауруымен түсті. Сұрау барысында анықталғандай, пациент жуынғаннан кейін терезе ашық қалғанда ұйықтап қалғандығы белгілі болды. Ол Хайнань аралынан оралғандықтан, бөлек боксқа оқшауландырылды. Қазіргі уақытта температурасы жоқ. Жамбыл облысындағы жағдай, ЖТРИ вирустық инфекциялық осы екі науқасқа қойылды. Жағдайлары қанағаттанарлық». Таң атқалы әлемдік баспасөз Гонконг ғалымдарының коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапқанын айтып, сүйіншілеуде. Бірақ қуануға әлі ерте. Өйткені, оны сынамадан өткізу үшін біраз уақыт керек екен. Гонконг университетінің профессоры Юэн Квок-Юнгтің сөзінше, жануарларға жүргізілетін сынама бірнеше айға созылады, ал адамға тестілеу бір жылға жуық уақыт алатын

көрінеді. Біздегі инфекционистер де мұны жоққа шығармады. ДИНАГҮЛ БАЕШЕВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ШТАТТАН ТЫС БАС ИНФЕКЦИОНИСТІ «Вакцина мен препараттар ойлап табу үшін уақыт тығыз. Бұл дерт науқастар көбірек тіркелген аймақтарда қарқынды зерттеліп жатыр. Қытайда, тағы басқа елдерде. Тиісінше, осы елдерде ем іздеу шаралары басталып кетті. Вакцина дайындау үшін тиісті база болуы керек. Үлкен клиника және материалдар, қажетті дәрі дәрмектер. Ал бізде вакцина дайындауға себеп жоқ». Ал кеше кешкісін Қытайдан 20-дан астам отандасымыз елге оралды. Олар Гуанчжоу мен Құлжа қалаларынан келген. Видеода жедел жәрдем көліктерінің Алматы облысындағы «Нұр жолы» шекара пунктінен өтіп бара жатқаны айтылады. Тепловизор құралымен тексеріс барысында екі азаматтың дене қызуы көтерілгені анықталған. ЖАНДАРБЕК БЕКШИН, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Біздің азаматтарымыз жағдайлары қалыпты. Олар Пафилов аудандық ауруханасында тексеруден өтті. Қазір оларды шығару мәселесі шешілуде». Коронавирус туризм саласының да жұмысын тежеуде. Бүгін Мәжілісте депутат Құралай Қаракен «еліміздің кей азаматтары Қытайға алған курорттық жолдамаларын кері қайтара алмай отыр»-деді. ҚҰРАЛАЙ ҚАРАКЕН, ҚР МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: «Біздің азаматтарымыз туроператорларға наразылық білдіруде, олар Қытай курорттарына жолдама алған. Турагенттіктер міндеттемелер мен келісімшарттардың бұзылуы олардың кінәсінен еместігін айтып, жауапкершіліктен жалтаруда. Яғни ақшаларын қайтарудан бас тартып отыр»

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы жолаушылар автобусының тасымалы тоқтатылады. Ал ертең және 1 ақпан күндері аспанасты еліне қатынайтын пойыздар мен әуе жолдары да уақытша кідіреді. Визалар да берімейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус Қытай жаңа коронавирус инфекциясының таралуын тежеуге қауқарлы деп сенім білдірді. Бірақ бір ғана сенім жеткіліксіз. Тазалық шарттарын қатаң сақтауға кеңес беріп отыр мамандар.

Первый канал Евразия

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM