Көрнекі фото: www.google.kz
Қазіргі заманда қандай да бір қуанышқа дастархан жайып, қонақ шақыру үшін қазақстандықтардың көбісі несие алады. Әсіресе, үйлену тойына көп шығын кетеді. Сондай маңызды күнді атап өту барысында төбелесіп қалған жас жұбайлардың видеосы желіде тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.
Facebook желісінде қызу талқыға түскен видеодан көшеде төбелесіп жүрген қалыңдық пен күйеу жігітті байқауға болады. Роликті жариялаған адамдардың айтуынша олар өз тойларына деп арнайы кредит алған. Соның кесірінен де жастар сөзге келіп қалыпты.
Алайда, кейбір пікір қалдырушылар аталмыш видеоның әдейі ойластырылып түсіргенін алға тартқан.
KAZAKBOL.COM