Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Кремль шенеунігі Дмитрий Козактың Қырғызстанға келгені мәлім болды

KAZAKBOL.COM

Ресейдің президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Дмитрий Козак өткен аптада Қырғызстанға келгені мәлім болды.

Бұл туралы Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің бірнеше сенімді дереккөзі хабарлады.

Алайда Кремль шенеунігінің сапары туралы Бішкек те, Мәскеу де әзірге ресми түрде мәлімет таратпады. Президенттің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты мәлімет бермеді.

Temirov LIVE арнасының 19 сәуірде жариялаған видеосына сенсек, 6 cәуірде Бішкек әуежайына Ресей федералдық қауіпсіздік қызметіне тиесілі ұшақ қонған, ол осында 8 сәуірге дейін тұрған.

Мәліметтерге қарағанда, бұл ұшақ осыған дейін Қырғызстанға бірнеше мәрте келген. Мысалы, 2020 жылғы 12 қазанда Дмитрий Козак Бішкекке осы ұшақпен жетіп, Қырғызстанның сол кездегі президенті Сооронбай Жээнбековпен кездескен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM