Ресей президенті істерінің басқармасы Владимир Путиннің баспасөз конференциясына келген журналистерді дезинфекциялауға 1,4 миллион рубль жұмсаған.
Мемлекеттік сатып алу мәліметіне сәйкес, алты дезинфекциялау бөлмесін екі күн жалдауға және ғимаратқа кірген адамдарға шашылған күміс бөлшектері қосылған затқа осыншама қаражат кеткен. «Медуза» басылымы күмісті осындай мақсатта пайдалануға болатыны туралы кеңесті ешқандай медициналық ұйым бермегенін анықтаған.
Путиннің журналистермен кездесуін ұйымдастыруға 117 миллион рубль жұмсалған.
Ресей президентінің жаңа жыл қарсаңындағы ірі баспасөз конференциясы бейсенбіде астаналық Манежада өтті. Кремль оған қатысатын ақпарат құралдарын өзі таңдады. Тізімге 507 адам кірді.
Олардың арасында Ресей билігі «шетел агенті» деп таныған Азаттық радиосы, «Дождь» телеарнасы және «Медуза» басылымының журналистері де бар. Бірақ олардың ешқайсына президентке сұрақ қойғызбады.
«Новая газета» бас редакторы, Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Дмитрий Мұратовты президент Владимир Путинмен кездесуге шақырмады.
KAZAKBOL.COM