Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Кулеба: Еуроатлантика қауіпсіздігінің болашағы Қазақстанда емес, Украинада шешілмек

KAZAKBOL.COM

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Азаттықтың Украин қызметіне (Радiо Свобода) берген сұхбатында Еуроатлантика қауіпсіздігінің болашағы жайлы пікірін айтты.

«Еуроатлантика қауіпсіздігінің болашағы Украинада шешіліп жатыр. Және дәл қазір мұны негізгі астаналар түсінді. Әлемнің өзге бөлігінде болып жатқанның барлығы – периферия. Бұл маңызды, мұны түсіну, есепке алу қажет, бірақ қазір біз орталықпыз» деді миинистр.

Оның сөзінше, Киев әлемдік дипломатия орталығына айналған, ал әлем Украинада болып жатқан жағдайды жіті бақылап отыр.

Бұған қоса министр, Ресей мен Қазақстан өздерінің «тез әрі қатаң» әрекет ете алатынын көрсетті дейді. Сондықтан сол аймақтағы позицияларын күшейткенін атап өтті.

«Әскери тілмен айтқанда, бұл Ресейдің ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) аясында жылдам әрекет ете алатынын көрсеткен жергілікті операция болды. Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін ҰҚШҰ күштерінің қажеті болды ма дегенге тоқталмай-ақ қояйын, бірақ Ресей тез әрі қатаң әрекет ете алатынын сездірді. Оны тек Вашингтон емес, Пекин де көріп, естіді. Мұндай шарадан кейін бұл аймақта Ресей позициясы күшейе түсері анық» деді Кулеба.

2 қаңтарда Жаңаөзен тұрғындары екі есе қымбаттаған сұйылтылған газ бағасын төмендетуді талап етіп митингіге шықты. Кейін Жаңаөзенді қолдаған бейбіт митинг легі бүкіл Қазақстанды қамтыды. Экономикалық мәселелермен бірге саяси талаптар көтерген жұрт бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатқа мүлде жоламауын, оның өз орнына президент етіп қалдырған Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметтен кетуін, елде саяси реформалар жүргізілуін талап етті.

5 қаңтардан бастап билік «деструктивтік күштерді» желеу етіп, халыққа қарсы қару қолдана бастады. Үкімет Алматыға шетелде дайындықтан өткен-мыс «20 мың террорист» шабуылдағанын мәлімдеген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұрады.

Билік орындары аймақтарда «террорға қарсы операциялар» басталғанын хабарлап, президент күш құрылымдарына «ескертпестен оқ атып, жоюды» тапсырды.

Қазақстанға ҰҚШҰ әскерін кіргізу елдің ішінде де, сыртында да қатты сынға қалды. Әскери кіргізуді айыптаған акциялар осы ұйымға мүше елдердің кейбірінің астанасында өтті.

7 қаңтарда Ресей қорғаныс министрілігі негізінен ресейлік әскерилерден тұратын ҰҚШҰ бөлімшелері Қазақстанда «алға қойған міндетті атқаруға кіріскенін» хабарлады. 11 қаңтарда президент Тоқаев Ресей бастаған әскери альянс күштерінің елдегі миссияся аяқталғанын, олардың 13 қаңтардан Қазақстаннан кете бастайтыны, он күнде толық шығып кететінін мәлімдеді. Қазақстан билігі мен Ресей қорғаныс министрлігі 19 қаңтарда ҰҚШҰ күштері Қазақстаннан түгел шығып кетті деп жариялады.

Ресми мәлімет бойынша, қаңтар оқиғасы кезінде кемі 227 адам, соның ішінде күш құрылымдарынан 19 адам мерт болған. Билік өлгендердің кейбірін «қарулы бандиттер» мен «террористер» деп атап, тәртіпсіздіктерге солар кінәлі деп мәлімдеді. Бірақ оған дәлел көрсетпеген. Билік қаңтар қырғыны кезінде мерт болғандар арасында бейбіт тұрғын саны қанша екенін әлі күнге айтпай отыр.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM