26 сәуірге қараған түні болған қатты дауылдан Тәжікстанның Куляб қаласында ондаған үй зардап шегіп, аудандардың көбі жарықсыз қалды.
Куляб қалалық электр желілер кәсіпорнының басшысы Навруз Кишваров дауылдан бұзылған электр желілерін қалпына келтіру жұмысы жүріп жатқанын мәлімдеді.
«Біздің үй шатырсыз қалды, шатырдың бәрі қирады. Құдай сақтап біз жарақат алмадық. Бақтағы талдарды тамырып жұлып әкетті», — деді қаланың Насрулло атты тұрғыны.
Тәжікстанның Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы құрылған комиссия тұрғындарға келтірген шығынды есептеп жатқанын білдірді.
KAZAKBOL.COM