Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «Қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

KAZAKBOL.COM

Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: comode.kz

«Мен – монашкамын. Бұл – бір жігіттің маған қойып берген есімі. Алғаш естігенде ызадан жарылып, көзім жасқа толған…» деп Ләйла ханым өз ішкі толғанысын жеткізді деп хабарлайды Baq.kz.

23 жастағы қыздың өз хатында жазған қазіргі «қайғысы» осы. Әлі күнге дейін бір де бір жігітпен жүрмегенін қалыпты жағдай ма дейді. Қыз баланы қырық үйден тыйып өсірген халықпыз ғой. Өзім де сондай (қатаң) тәрбиеден тәлім алғам.

Орынсыз күлкі, артық қимыл көрсек, автоматты түрде әжеміздің қызыл шеңбер ішіндегі «тәйт!» дегені көз алдымызға келеді. Бірақ бұдан біз еш қорлық-қиянат көргеніміз жоқ. Біздің идеал, біздің ұран: «Есті қыз етегін қымтап жүреді» болған. Алайда қазір қоғам мұндайларға қол шошайта күліп қарайды. Мен әлі ешкіммен жүрмегем, сүйіспегем деген ақталуға алатын жауап – «Сенде бәрі дұрыс па?».

Бұл жазбамды өзінің мәртебесін ақаумен шатастырып жүрген қыздарға арнаймын.

Иә, заманымыз түлкі болған ғасырда адалдық, тазалық, пәктік – үлкен мәртебе. Жоғарыдағы хаттың иесі: «Көксегенім – «жарыңа адал бол!» — деп табыстап кеткен анамның абыройын ақтау еді. Бірақ оның осыншама ауыр боларын білмеппін. Мен қазір өзімнің монашка екенімді мойындауға ұяламын….»,– дейді.

Әрбір адамның басында көзге көрінбейтін тәжі бар. Ол өзіне ғана шақ, өзіне ғана жарасымды. Біреудің тәжін біреу алып кие алмайды. Керек десеңіз, оның салмағы, оның түсі, оның қымбаттылығы, бағасы, тастары және артықшылығы мен кемшілігі өзіне ғана мәлім, иесіне ғана аян.

Әйел мықты болған сайын, басындағы тәжі де мықты, салмақты бола түседі. Кейде оны ауырлығынан көтеріп жүру мүмкін емес болады. Етке батады, бас сүйегін қысады, тіпті, жарақат салып, тер мен қанды кезектестіре аққызады. Рас қой. Бірақ оның ауырлығы мен жанға батқан жарасын өзіңіз ғана көресіз… Бұл кейіпкерімізде де дәл осы жағдай. Өз мәртебесі, өз тәжі жанын қысып, басына ауыртпашылық танытуда. Қол шошайта күлген көптің қалауы – сол тәжінің басынан түскені, шешілгені. Неге?!

Себебі, өзіңде жоққа алакөз болу қанымызда бар қасиет қой. Абырой үшін, ар үшін алысу – матадордың еңбегімен тең. Тореадордың қолындағы қызыл матасы – ар-намысы, абыройы. Қара бұқаның көздегені – соның парша-паршасын шығару, жоқ қылу. Шайқас па? – Шайқас. Өмірде де дәл солай. Ал рухани сау, ақыл-есі дұрыс азаматтар басынан тәжі бір сәтке де түспеген, ешкім оны құлата алмаған ханшайымдарын іздейді. Енді ойланыңыз?! Көптің ойы мен күлгені маңызды ма?! Жоқ, әлде, ханзадаңыздың ханшайымы болып қалған артығырақ па?! Шешім әрқашан да сіздікі.

Менің тарапымнан ұсыныс қана болады. Қазір жігіттер: «қоғамда бұзылған қыздар көп, сондықтан үйленуге қорқамыз» дейді. Осы тұста хазіреті Мәуленаның мына сөзін айтқым келеді: «Кіммен қайда баратыныңа мән бер. Бұлбұл құс гүлге апарады, қарға күлге апарады». Үйлену процесін жоғарыдағы себеппен тоқтатып жүрген жігіттерге айтарым, жақсы жарды жақсы ортадан іздеңіздер. Осы жазбаға түрткі болған қыздарды (ақ, пәк, адал) бұл қоғам баяғыда «қызыл кітапқа» енгізіп жіберген.

Менің айтқанымды аңызға балайтындар да бар болар. Бірақ менің айналамда «қызыл кітапқа енген» қыздар бар және олар ауру не болмаса кеміс емес. Тек өздерін кім көрінгенге емес, жаны қалаған жалғызына арнағысы келеді. Бір кеште танысқан серісімен жабысып кетуді емес, ақылмен, махаббатпен табысуды мақсат етеді.

P.S. Аққа құдай жақ. Мен арамызда мұндай арулардың көптігіне сенемін. Абырой мен арды атақтан, ақшадан биік қоятын бұрымдылардың барына сенемін. Ең бастысы – бұл тәрбие жібінің үзілмей, жалғасарына, жойылмай, сақталарына сенемін. Ал хат иесіне айтарым, басыңыздағы тәжіңізді құлатпай, сақтап, еңсеңізді тік көтеріп жүріңіз. Сіздей сұлуларға қол жеткізуді арман етіп және арманының орындаларына күмәнмен қарап жүргендер қаншама?! Себебі, қоғам сіз сияқтыларды келмес күннің елесіне айналдырып үлгерген. Ал серілер «еріндері кеседен, басқа жерге тимеген» қыздарды іздейді. Көңіл-күйіңіз құлазығанда осы әнді қосып қойып, жақсылап билеп алыңыз. Көтеріліп қаласыз, шын сөзім!

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM