«Лукойл» компаниясының басшылықтағы бір қызметкері Өзбекстанның Қашқадария облысында «Жалакудук» газ кешеніндегі өзбек жұмысшыларының арына тиді.
Озодлик редакциясына жолданған видеода мұнай компаниясының қызметкері жұмысшыларды балағаттап жатқаны түсіп қалған.
Оның есімі — Иван Александрович Шилов. Ол «ЛУКОЙЛ Узбекистан Оперейтинг Компани» компаниясының бас энергетигі.
Видео жұмысшылар арасында тез тарап кеткен. Сол себепті видеоның әлеуметтік желілерге түсіп кетуінен сескенген басшылық олардан қолхат алған.
KAZAKBOL.COM