Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Мәсімовтің қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды

KAZAKBOL.COM

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамаудағы мерзімі 6 тамызға дейін созылды.

Бұл туралы арнайы қызмет 19 шілдеде хабарлады.

Комитет мәліметінше, ҰҚК төрағасының бұрынғы екі орынбасарының да қамаудағы мерзімі ұзартылды: Әнуар Садықұлы 6 тамызға дейін, ал Дәулет Ерғожин 13 тамызға дейін қамауда отырады.

ҰҚК-нің бұрынғы басшыларына қарсы қылмыстық іске «Аса құпия» мөрі басылған.

Көп жыл бойы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді серігі болған Кәрім Мәсімов 5 қаңтарда қамалған. Ол сол күні Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан. Осы отырыста Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кеңес төрағалығын өз мойына алғанын және Қазақстанға «халықаралық террористік топ» шабуыл жасағанын мәлімдеген.

8 қаңтарда ҰҚК «мемлекетке опасыздық жасады» деген күдікпен Кәрім Мәсімовтің қамауға алынғанын, 13 қаңтарда «билікті күшпен басып алу» бабы бойынша да іс қозғалғанын хабарлаған.

Наурыз айында ҰҚК «мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және аса ірі көлемде пара алу» баптары бойынша 15 қылмыстық іс қозғалғанын жариялаған еді. Оның ішінде Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары (22 ақпанда тағы бір орынбасары Марат Өсіпов қамалған) аталған.

Бас прокуратура мұнан өзге ҰҚК-нің үш департаментінің басшысы пен полицияның екі департаменті басшысының ұсталғанын мәлімдеген. Оларға «қаңтардағы дүрбелең кезінде ведомство ғимараттарын тастап кетті» деген айып тағылған.

Мамыр айының соңында, Қаңтар оқиғасынан 5 айдан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы жарлыққа қол қойған.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM