Мәскеудегі кафелердің бірінде жаппай төбелеске қатысқан 15 адам ұсталды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 19 ақпанда болған төбелеске Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары қатысқан.
Өзбекстанның, Тәжікстанның және Қырғызстанның Мәскеудегі елшіліктері бұған қатысты әзірге ешқандай мәлімет таратқан жоқ.
РЕН ТВ мәліметінше, 19 ақпанда түнде кафелердің бірінде төбелес болып жатқаны туралы мәлімет полицияға жеткен. Құқық қорғаушылар оқиға орнына келген.
Полиция мәліметінше, кафеде Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары жанжалдасып қалып, соңы төбелеске ұласқан. Олар көшеде де төбелескен. 15 адам полиция мекемесіне жеткізілген.
Бұдан басқа мәлімет жоқ.
Мәскеуде еңбек мигранттары жиі төбелесіп қалады. 2022 жылғы сәуірде Ресей астанасында болған жаппай төбелес кезінде 41 тәжік және 85 өзбек азаматы ұсталды. Жиырма еңбек мигранты еліне депортацияланды.
KAZAKBOL.COM